Ақтөбелік жастар рәміздер күніне орай автошеру ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігінен басталған автошеру Жаңақоныс ауылына дейін жалғасты. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акцияға алпысқа жуық автокөлік үлес қосты.
Қазақстан Республиксының мемлекеттік туы және «Жастар жылы», қаланың 150 жылдығы бейнеленген жалауларды көтерген жастар шаһар көшелерімен жүріп өтті. Жастардың бойына патриоттық рух ұялататын шеру алғаш рет өтіп жатыр.
«Бұл шараны патриотизмді қалыптастыру және ұлық мерекеміз ұлықтау мақсатында ұйымдастырып жатырмыз. Бір жағынан жастар арасындағы достықты нығайту, әлеуметтік қызметке тарту, жас ұрпақтың белсенді рухани-адамгершілік позициясын қалыптастыру болып табылады. Автошеруімізді рәміздер күніне және сүйікті қаламыздың мерейтойына арнаймыз», - дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.