Ақтөбелік студент барша қазақстандықты ерекше әдіспен адалдыққа шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжінің 4 курс студенті Гүлжазира Асуова барша қазақстандықтарды ерекше әдіспен адалдыққа шақырды. 

Өзінің қаламынан туындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы өлеңді бейнекамераға оқи отырып, Г. Асуова "Адалдық жолымен" (#adaldyqJolymen) деп аталатын эстафетаны барша қазақстандықтарға жолдаған.

Эстафета ережесі бойынша, ниет білдірген азаматтар адалдық, парасаттылық және әділдік сынды мәселелерді қозғайтын өз туындыларын немесе белгілі ақындардың шығармаларын видеоға жазып, #adaldyqJolymen хэштегі арқылы әлеуметтік желілерге жариялауы қажет, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы