Ақтөбелік полицейлер Конституция күнін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституция күніне орай Ақтөбеде полиция қызметкерлері марапатталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конституция күніне орай Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мерекелік іс-шара өткізді. Жеке құрам Ішкі істер министрлігінің және облыстық департамент бастығының бұйрығымен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген 7 қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақ берілді. 4 қызметкер «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісін, 3 қызметкер ІІМ грамотасын алды. Облыс әкімі атынан 5 қызметкер, Ішкі істер министрлігі атынан 4 қызметкер медальмен марапатталды.
30 тамызда біз еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында басты міндет тұр. Ол - тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау. Біз еліміздің азаматтарының сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек, - деп атап өтті өз сөзінде Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы