Ақтөбелік депутаттар көпбалалы ананың коммуналдық қарыздарын төлеп берді
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қалалық мәслихатының бір топ депутаты көпбалалы ана Гүлназира Смағұлаваның жағдайымен танысты. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
Алты балалы ана жатақхананың тар бөлмесінде тұрып жатыр. Бесіктегі баласын үйінде қалдырып, базарда еден жуушы болып жұмыс жасайды.
Келіншек 47 мың теңге жалақы мен 10 мың теңге жәрдемақы алады.
«Бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқан көпбалалы ананың үйіне бардық. Тұрмысқа қажетті техника, кілем, азық-түлік жеткізілді. Бөлменің есігін ашқанда үйге қатты жел келеді екен. Бесікте бір жасқа толған бала жатыр. Сол себепті кіре берісіне шағын дәліз орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпбалалы ананың коммуналдық қарыздары да жиналып қалған екен. Барлық коммуналдық қарыздары төленді. Отбасына әрі қарай көмектесетін боламыз», - дейді қалалық мәслихатының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғын үй қорына қалай жүгінуге болады?
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы