Ақтөбелік дәрігерлер былтыр ішкі органдарды ауыстыру бойынша тоғыз ота жасады
Астана, BAQ.KZ. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының алқасы өтіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды және алдағы жылдың жоспары белгіленді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алқаға медицина өкілдері, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және т.б. қатысты.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бүгінде облыста медицина саласында 3802 дәрігер мен 7730 орта буын қызметкерлері жұміс істейді, олардың ішінде 2899 дәрігер мен 6400 медбике мемлекеттік ұйымдарда еңбек етеді. Дәрігерлермен қамтамасыз ету деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 10 мың тұрғынға шаққанда 33.6 дәрігерден келді, бұл көрсеткіш республика бойынша орташа көрсеткіштен дәстүрлі жоғары.
Жоғары технологияларды пайдалану және медициналық көмекті жақсы деңгейде көрсету халық санының артуына септігін тигізді. Айта кетейік, өңірдегі туу көрсеткіші 2%-ға өскен.
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс ауруханаларында 126 мыңнан аса емделушіге көмек көрсетілген. 33 мыңнан астам хирургиялық ота жасалса, олардың 1311-і - жоғарыдәрежеде маманданған инновациялық медициналық қызметтер.
Атап айтқанда, бұлар - жүрекке дефибрилляторды имплантациялау, тізе жәнежамбас-сан буындарынауыстыру, ашық мидағынейрохирургиялық операциялар.
Бұдан басқа, Ақтөбе медициналық орталығында жыл қорытындысы бойынша бауыр ауыстырып салу бойынша екі, бүйректі ауыстырып салу бойынша жетіота жасалды. Облыстағы медицина мекемелерінің жарақтандырылуы, мамандардың кәсіби деңгейі облыс халқына нейрохирургия, кардиохирургия, ортопедия, трансплантология, офтальмология, кеуде бөлігінің хирургиясыбағытында сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, облыс әкімі Ақтөбе медицинасының өткен жылғы жұмысына оң бағасын берді.
«Сіздердің ең басты міндеттеріңіз – халық денсаулығын жақсарту және оны шешу үшін барлық мемлекеттік органдар, мүдделі қоғамдық ұйымдар бірге жұмыстанулары қажет. Ақтөбе облысы денсаулық сақтау деңгейі мен басқа да салалар бойынша Қазақстандағы мықты өңірлердің бірі болуы үшін біздің өз базамыз бар. Ол үшін тек жұмыла ұдайы еңбектену керек», - деді ол.