Ақтөбелік азамат аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының тәртіп және күзет қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған екі ұялы телефон және екі "Beeline" сим-картасы мен зарядтағыш құрылғыларды тауып, тәркіледі.
Мекемеге тыйым салынған заттарды Ақтөбе қаласының Р. М. есімді 1990 жылғы тұрғыны (кісі өлтіру бабы бойынша) қамауда отырған ағасына жеткізбек болған.
Азамат Р. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, - деп хабарлайды обыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жарты миллион теңге жымқырған сәулетші
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы