Ақтөбелік абақтыға бауырсаққа жасырылған телефон кіргізбек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі тергеу абақтысында бауырсаққа жасырылған телефон тәркіленді. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері сотталушымен кездесуге келген азаматтың трансляциясын тексеру және қарау кезінде бауырсақтан фольгаға оралған Nokia маркалы шағын телефонды тауып, тәркіледі.

Кездесуге келген Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны есірткі таратқаны үшін айыппен қамауда отырған ағасына тыйым салынған затты бермек болған. 

Келуші өз түсіндірмесінде өз кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

 

Сонымен қатар ол мекемеге 1 жылға кездесуге келу мүмкіндігінен айырылады, - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы