Ақтөбеде Жазушылар одағының 85 жылдығы аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әдебиет форумына елімізге белгілі 30-ға жуық қаламгер келген, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бақилық болған біртуар азаматтардың жақындары да шақырту алған. "Әдебиет. Рух. Қоғам" деп аталған шарада бірқатар жаңа жобаның тұсауы кесілді. Мәселен «Ақтөбе кітапханасы» деп аталатын шығармалар жинағының 27 томы жарық көріп, оқырманға тарту етілді. Жергілікті ақын-жазушылардың еңбегі басылатын бұл кітап 50 томдық жинақ болған. Сондай ақ ақындар кеші ұйымдастырылып, Сағи Жиенбаев пен Тобық Жармағамбетовты еске алу кеші өтті.

Әдебиет қай кезде де қоғамның, адамзаттың тәрбиешісі болып келе жатқан қасиетті нәрсе. Және бізде ұлы әдебиет бар, ол және жалғасын тауып жатыр. Осы форумға біраз жас қатысты. Жастардың кітаптарын шығардық. Шынымен шығармашылықпен айналысам деген жастарға барлық жағдай бар деп ойлаймын, – дейді ақын, Мейірхан Ақдәулетұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы