Ақтөбеде жасырын «покер» ойынын ұйымдастырған тұрғын ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде ойын-сауық кешендерінің бірінде жасырын казино анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы ойын-сауық кешендерінің бірінде ұйымдастырылған жасырылған казино қызметінің жолын кесті.Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғынының үнемі 3-тен 9-ға дейінгі ойыншыларды қабылдап отырған. Олардың ставкаларды қабылдап, карта тарататын дилердің қатысуымен «покер» ойынын ұйымдастырғаны анықталды. Сонымен қатар, дилер жалпы банкіге салынған ставкалардың 4% покер мекемесінің кассасының, яғни ұйымдастырушының пайдасына кеткен, - делінген хабарламада.Тексеру кезінде ойын карталарының жиынтығы, бильярд матасы, белгішелері бар покер кілемі, покер фишкаларының жиынтығы, 280 000 теңге көлеміндегі ақша қаражаты анықталып, тәркіленді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 307-бабына сәйкес («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») тергеу ісі басталды. Соған сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте AR-shymkent жобасы іске қосылады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы