Ақтөбеде жасөсіпірімдерге арналған тренингтер өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Қазақстан әйелдері қауымдастығы»  ҚБ ұйымдастыруымен екі күн бойы жасөсіпірімдер арасындағы ерте жүктілік, оның салдары, психологиялық кеңестер мен алкоголизм тақырыбында тренингтер өтті.

2019 жылы кәмелетке толмағандар арасында 3003 жүктілік жағдайы тіркелген. Алматы облысында 623, ШҚО-да 349, Түркістан облысында 303, Жамбыл облысында 239 жүктілік дерегі тіркелген. Шара барысында ерте жүктіліктің алдын алу мен оның салдарын білікті мамандар түсіндірді. «Ескі дүкен», «Дәріхана», «Қуыршақ»,«Арман», «Отбасы мүсіні» сынды психологиялық жаттығулар жүргізілді. 

Жасөспірімдер арасында белең алған темекі шегу мен нашақорлыққа қатысты бірқатар кеңес айтылып, жаттығулар жасалды. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне   психологиялық  ықпал ету жолдары, инклюзивті білім беру, шылым шегу, нашақорлық  тақырыптары да қамтылды.

Аталған шара ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде «бала және денсаулық» жобасының  аясында ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы