Ақтөбеде зарарсыздандыру сұйықтығын шығаратын өндіріс іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбеде ірі тігін цехтары медициналық бетперде тігу ісін қолға алды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ал, бірер аптадан кейін зарарсыздандыру сұйықтығы шығарылатын болады. Өңір үшін жаңа жобаны дезинфекция және жуу құралдарын әзірлейтін кәсіпорын іске асырмақ. Қазір қажетті жабдықтары дайын. Енді өнім құрамына шикізат жеткізуші жергілікті компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға облыстық кәсіпкерлер палатасы да қолдау көрсетуде. Ал, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері жергілікті отандық компанияның өніміне сұраныс артқан. Қазір мұнда шығарылатын ондаған тауар түрін әзірлеу үшін өндіріс қарқыны үш есеге дейін артты. Жұмысшылардың саны да 15-ке жеткен. 

Наурыздың соңында антисептик шығаратын тағы бір өндіріс желісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Өйткені қазір оған сұраныс артты. Енді өнімге қажетті спиртті жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл ретте біз оның жарамдылығын өзіміздің зертханада тексеретін боламыз. Өндіріс толық қуатында жұмыс істегенде күніне бес тонна антисептика дайындап, отандық нарыққа шығара аламыз, - дейді кәсіпкер Наталья Шмаренкова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы