Ақтөбеде шет елден әкелінген көліктерді тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автокөлік иелері үшін мамандандырылған ХҚКО ақпан айында демалыссыз жұмыс жасайды, деп хабарлады Aktobenews.kz. 


Бір ай бойы мамандандырылған қызмет көрсету орталығында тек ЕАЭО елдерінен келген машиналарды уақытша тіркеуді жексенбі күндері де рәсімдейтін болды. Бұл күні жеке куәлік беру, қазақстандық автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметтері көрсетілмейді. 


Ақтөбеліктер үшін Армениядан, Ресейден, Қырғызстаннан және Белоруссиядан әкелген автомобильдерді бір жылға уақытша тіркеу Ақтөбе қаласындағы Батыс-2  21Б мекенжайында орналасқан  мамандандырылған ХҚКО-да жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Шалқар, Хромтау, Темір, Мұғалжар аудандық Қандыағаш қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында да қызмет көрсетеді. Әзірше шет елден келген көлігін рәсімдеген жүргізушілер тіркелмеді, - дейді ХҚКО-ның баспасөз қызметкері Әсел Мұстафина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы