Ақтөбеде "Сервистік әкімдік" ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сервистік әкімдіктің ашылуына өңір басшысы Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мирлан Мұхамбетов, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Сервистік әкімдіктің басты міндеті – атқарушы органдар қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай қалыптастыру және мемлекеттік қызметкерлермен байланыс кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту болып табылады. Мұнда басшылар мен құзіретті тұлғалардың азаматтарды жеке қабылдауына арналған "OPENSPACE" форматындағы кабинет бар.
Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында елімізде алғашқылардың бірі болып облыс әкімдігінде "OPENSPACE" форматындағы кабинет ашылған болатын. Аталмыш кабинетте облыс әкімі, жергілікті атқарушы орган басшылары азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін ашық режимде шешетін болады.
Жалпы, облыста 8 сервистік әкімдік пен "OPENSPACE" форматындағы 61 кабинет жұмыс жасайды.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығы аяқталғанға дейін облыстың барлық аудан орталықтарында тағы 8 "Сервистік әкімдікті" іске қосу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда бетон зауыты салынады
Өзгелердің жаңалығы