Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер киелі жерлерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі мемлекеттік қызметкерлер Алға ауданындағы Есет батыр кесенесіне барды. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті салалық кәсіподақтың облыстық филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің өңірдегі киелі жерлерді аралауын ұйымдастырды. Алдымен олар Алға ауданының Бестамақ ауылында орналасқан Есет батыр Көкіұлының кесенесіне барды.

Есет батыр Көкіұлы 1669 – 1756 жылдар аралығында өмір сүрген атақты қазақ қолбасшысы, тархан жоғары әскери атағын иемденген екі батырдың (Жәнібке батырмен бірге) бірі. Жоңғарлармен және Еділ қалмақтарымен болған күрестің белсенді қатысушысы, Әбілқайыр ханның ең жақын серіктерінің бірі.Тәуке ханның тұсында болған жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүздің әскеріне қолбасшы болған. Бір шайқаста Тәуке ханның көзіне түскен Есет батыр батырлығы мен жанқиярлығы үшін ханның батасын алған. Аңырақай шайқасында Есет батыр Кіші жүз әскерін бастап, ту ұстаған. Есет батырды әулие деп те атайды, оның зираты бүкіл ел халқы табынатын жер.

Келесі топ Қобда ауданының Жиренқопа ауылындағы эпостық қазақ батыры Қобыланды Тоқтарбайұлының кесенесіне барады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы