Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйелдің жүрегі тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйелдің жүрегі тоқтады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты деп хабарлады "Мой город" агенттігі.
Әйел жұқпалы аурулар ауруханасында бір күн ғана жатты. Кенеттен оның жағдайы нашарлады. Сосын дәрігерлер реанимация бөліміне ауыстырған, жүрегі сол жерде тоқтады. Клиникалық тексерулер өкпе артерияның тромбоэмболиясы екенін көрсетіп отыр. Бұл коронавирустық инфекциямен байланысты емес. Науқасқа ПТР тест жасалды, коронавирус инфекциясы анықталды. Бірақ оның қайтыс болуы коронавирустан емес. Бұған дейін бірнеше сырқаты болған. Жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындардың тізімінде тұрған. Вирус пациенттің жағдайының нашарлауына әсер етті ме, жоқ па, оны комиссия шешеді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.Ақтөбе облысында 250 адам коронавирус жұқтырған. 63 науқас ауруханада жатыр. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде, біреуінің жағдайы өте ауыр. Ал 17 баланың 10-ы жазылып шықты.
Соңғы тәулікте облыста COVID 19 инфекциясы 5 адамнан анықталды.Оның біреуі облыс орталығынан 260 шақырым жердегі Ойыл ауданының орталығында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы сақалды құрылыстардың бірі қайта жанданды
Өзгелердің жаңалығы