Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 7 адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам туралы хабарлады.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы Ақтөбе қаласының 7 тұрғынының — 2019 жылғы, 2017 жылғы, 2011 жылғы, 1976 жылғы ер адамдардың және 1979 жылғы, 1940 жылғы, 1994 жылғы әйел адамдардың COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті.Олардың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырғандармен қарым-қатынас жасағандықтан, медициналық бақылауға алынған болатын. Зертханалық зерттеу нәтижесі COVID-19 диагнозын анықтады.
Қазіргі таңда ауруы анықталған адамдар облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары жасалып жатыр.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
04.05.2020 жылғы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 160 адам тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Психолог жағалаған 100 қыздың тағдыры
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы