Ақтөбеде ІT саласын меңгерген жастар өз жобаларын ұсына алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпараттандыру және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Сергей Беккер жастардың жобаларымен танысып, үздігін қолдауға әзір. Бұл туралы aktobenews.kz сайтында хабарланды.

Басқарма әлеуметтік желіні үнемі бақылап, сын, ескертулерді қарап отырады. Білім мен медицина саласын цифрландыру кезінде кедергілер бар екенін жасырмайды. Мамандардың айтуынша, кез келген жаңа технолгияны іске қосқанда олқылықтар тіркеледі.

«Ақпараттық жүйеде қиындықтар болатыны жасырын емес. Шілде айында өңірде жоба дайындалады. Сол арқылы Ақтөбе облысын цифрландырудың нақты бағаты анықталады. Техникалық саясат алға жылжуымызға әсер етеді деп сенеміз. Сонымен қатар ІТ мамандарды шақырып отырмыз. Әрі 25-шілдеден кейін жастарды шақырып, цифрландыруға қатысты жобаларын қараймыз. Олар бізге хабарласып, жобаларын ұсынады. Ең үздіктерін, жұмысты жеңілдетуге қажеттісіп алып, республикалық деңгейде қорғаймыз», - деді облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Сергей Беккер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы