Ақтөбеде есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн ішінде Ақтөбеде алты мас жүргізуші ұсталды, оның ішінде есірткіге елтіген жүргізуші де бар, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Облыстық ПД мәліметінше, екі күндік демалыс кезінде алты мас жүргізуші анықталды, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқарған екі адам бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған.
4 наурыз күні Бөкенбай батыр көшесінде, жанармай құю станциясының жанында 29 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-2172 көлігі тоқтатылды. Ол бұрын да мас күйінде ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылған. Тексеру кезінде көлік жүргізу құжаты жоқ азаматтың есірткіге мас болғандығы анықталды.  Жүргізуші Ақтөбедегі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы