Ақтөбеде баласын мектепке дайындай алмайтындар үшін сенім телефоны қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып ала алмайтын ата-аналар сенім телефонына хабарласып, әлеуметтік жағдайын айтуы керек, деп хабарлады Aktobenews.kz.
«Сенім телефоны күні-түні жұмыс істер тұр. Кез келген ата-ана 55-17-92 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады. Әрі баланың мектепке бармай жүргені туралы ақпаратты да қалдыра аласыз. Қазіргі кезде демеушілердің көмегімен 400-ге жуық балаға көмек көрсетілді. Кәсіпкерлерге хабарласып, оқушыны мектепке дайындау жұмысын жалғастырамыз», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы