Ақтөбеде ажырасу саны артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек неке бұзу басқа жылдармен салыстырғанда көбейіп кеткен, деп хабарлады Aktobenews.kz.
Мамандар отбасы мәселесіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Былтырғы жылы 1779 неке бұзу фактісі тіркелген.Өткен жылдың қорытындысы бойынша ажырасушылардың саны басқа жылдармен салыстырғанда он пайызға көбейіп кетті. Неке қию салыстырмалы түрде қарағанда алты пайызға артты. Былтыр 4738 отбасы заңды түрде некелерін қидырып, отбасы құрған. Бала асырап алу соңғы бес жылда болмаған көрсеткішті көрсетті. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 93 бала қазіргі таңада жаңа жанұямен тұрып жатыр, - дейді қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Валентина Мамбетова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таразда "Аntikor" сервистік орталығы ашылды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы