Ақтөбеде қар құрсауында қалған бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған автокөліктердің бірінде Тәжікстан мемлекетінің азаматы қайтыс болды.


Алдын ала ақпарат бойынша ер азамат 1956 жылы дүниеге келген. Белгілі болғандай ол Ресей Федерациясының Тюмень қаласынан Тәжікістанның Ходжан қаласына жұмыстан қайтып бара жатқан. Қайғылы оқиға "Самара-Шымкент" автожолының 965 шақырымында, Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ елді мекенінің жанында орын алды. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның нақты себептері анықталуда, - деп мәлімдеді "QazAvtoJol" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Маржан Ордабай.

Айта кетейік, кеше Ақтөбе облысында ауа-райының күрт өзгеруі мен қалың қар жауғандықтан аталмыш автожолдың 964-1240 км учаскесінде автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеулер қойылған болатын.


Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін "Қазақавтожол" ЖШС Ақтөбе облыстық филиалы жолдағы қарды тазалау бойынша және көк тайғаққа қарсы қарқынды жұмыстар жүргізді. Учаскедегі жұмыстарға 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Автокөліктер қыс мерзіміне дайын болмағандықтан жағдай ушыға түсті. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін олар "Қазақавтожол" ЖШС Ақтөбе облыстық филиалының Қалыбай ауылындағы жол-пайдалану пукнтіне жеткізілген. Қазіргі таңда жол қозғалысы ашық, - дейді "QazAvtoJol" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы