Ақтөбеде әлеуметтік дәріханалар салынады

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында әлеуметтік дәріханалар салынады. Бұл дәріханаларда баға 10-15 пайызға арзан болады, деп жазады Aktobenews.kz.

«Зерде Фарма» ЖШС-мен бірге әлеуметтік дәріхана салу жоспарланды. Баға 10-15 пайызға төмен болады», — деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ануар Маханов.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2019-2021 жылдары жүргізіліп, 90 жұмыс орны ашылады. Жобаның инвестициялық құны – 1,5 миллиард теңге.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы