Ақтөбеде 3 мың азамат жауапқа тартылды

Нұр -Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ҚР ӘҚБтк-інің 73-бабы бойынша биылғы жылы 3 мың азамат тұрмыстық жағдайдағы құқыққа қарсы әрекеттер негізінде жауапқа тартылды, деп мәлімдейді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы Ақкүл Қасанғалиева.

Оның айтуынша, егер жәбірленуші құқықбұзушыны жауапқа тартқысы келмесе, онда полиция қызметкерлері құқықбұзушыға жәбірленушінің мазасын алмайтыны жайлы 30 күнге дейінгі жарамды қорғау нұсқамасы беріледі.

«Бүгінде полиция қызметкерлері 3,5 мың қорғау нұсқамаларын берген, бұл өткен жылға қарағанда 200-ге көп. Үйдегі зорлық-зомбылыққа қорғансыз отбасы мүшелері - әйел адамдар, қарт кісілер мен балалар ұшырайды. Егер сіз үй жағдайындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды білсеңіз, міндетті түрде полицияға «102» телефон нөміріне немесе өзіңіздің учаскелік полиция инспекторына хабарласыңыз», - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы