Ақтөбеде 2 триллион теңгеге жуық өнім өндірілді

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін халық алдында есеп берді. Өңір басшысының сөзінше, аймақ экономикасының өсімі былтыр 5 пайызды құрады.


Өнеркәсіптің есептік кезеңдегі өсімі 5,6% құрап, өнеркәсіп өндірісінде 2 триллион теңгеге жуық өнім өндірілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Ақтөбе облысы экономикаға тартылған инвестициялардың көлемі жөнінен көшбасшылардың бірі. Былтыр инвестиция көлемі 10,8% өскен. Аймақтың шаруалары да  рекордтық көрсеткіш орнатты. 228 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өсім 6,2 пайызға артты.  


«Облыстың негізгі әлеуметтік, экономикалық көрсеткіштер бытырғыдан, республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Ең маңыздысы өндірісті дамыту. Былтыр кәсіпорындарымыз 1,9триллион теңгенің өнімі өндірілді. Ел экономикасына 516 млрд. теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығында да 228 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ең үлкен көрсеткіштердің бірі Ақтөбе тарихында біз тұңғыш рет 908 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік»,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.


Ақтөбедегі құрылыстағы жұмыс көлемі 9,5%-ға арттып, 180 млрд. теңгеге жетті. Ал биыл ең азы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ақтөбеде жұмыссыздар саны - 21 мың. Аймақ басшысының сөзінше, өңірде халықты жұмыспен қамтуда еш мәселе жоқ.


«Бағаны заңсыз өсірмеуді мемлекет басшысы тапсырды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы инфляция 4,7 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштің бірі – салық жинау көлемінің өсуі. Ақтөбе тарихында алғаш рет 537 млрд. теңге салық жиналды. Берілген тапсырма 100 пайыз орындалды»,-деді Ақтөбе облысының әкімі.


Жыл басынан бастап өңірде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифі төмендеді. Көгілдір отынмен мен жылу көрсеткіші 10,2% арзандады. Ал электр қуаты үшін ақы 3%-ға төмендеді. Су бағасы да 5,5% түсті. Одан өзге, жеделсаты қызметінің тарифі 10%, ПИК қызметтері 7,3% арзандап, домофон үшін енді ақтөбеліктер 5% аз төлейді.

Әсел АБАТ
Фото: Автор
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы