Ақтөбеде 2 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 24 мас жүргізушіні анықтады.
Жол-көлік оқиғаларынан болатын жарақаттанудың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде 12-14 ақпан аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның қортындысы бойынша жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері күшімен жол қозғалысы бағытында 1512 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде, 24 дерек көлік құралын мас күйде басқару, жол жүру бөлігінің қарама-қарсы жолға шығу бойынша 13 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 90 - көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқару, 88 – жаяу жүргіншіге жол бермеу және 333 – жаяу жүргіншінің ереже бұзуы, сонымен бірге қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереже бұзуының 60 дерегі анықталды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Хубэйге күллі Қытайдан 25 мыңнан астам дәрігер келді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы