Ақтөбе жамағаты Арысқа 1,3 млн теңге аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында болған төтенше жағдайға ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі өз үлесін қосты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
Республикалық көмек науқанына облыстық мешітте топ құрылып игі шараны қолға алған болатын. Қайырымдылық ісіне атсалысуға шақырған «Ақтөбе асарына» өңірдегі мешіттердің дін қызметкерлері мен жамағаты бірауыздан қолдау білдіріп, арыстық ағайынға көмек қолын созды.
Нәтижесінде, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің, Ақтөбе қалалық және «Бақытжан», «Әл-Ләтиф» мешіттерімен қатар Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Хромтау, Темір аудандық мешіттерінің қызметкерлері мен жамағаты 1 300 000 теңге көлемінде қаражат жинап, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі атынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына» аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы