Ақтөбе: шипажай тәрбиешісі бүлдіршінге қол жұмсады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтөбедегі "Шағала" шипажайының тәрбиешісі бүлдіршінге қол жұмсады. Қызметкердің бұл әрекеті әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Хабар 24. хабарлайды.

 

"Шағала" шипажайындағы тәрбиешінің қылығын бөбектердің бірі видеоға түсірген. Оның айтуынша, мұндай қатыгездікке мекеме қызметкерлері жиі жол беретін көрінеді. 

Бірінші болып дабыл қаққан ата-аналар болатын. Артынша тәртіп сақшылары мен құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарына кірісіп кетті. Полицейлер зардап шеккен бала мен оқиғаны көзімен көрген кішкентай куәгерлерден мән-жайды анықтап жатыр. 

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде, дене жарақаттарының болуы мен ауырлығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия оқиғаны тексеріп жатыр. Бүлдіршінге қол көтерген тәрбиешімен қатар оның қасында қарап отырған ересек жан да тиісті жаза беріледі.

Шипажай басшылығы «екеуін де жұмыстан босаттық» деп мәлімдеген. Мекеменің бас дәрігерінің айтуынша, мұндай оқиға шипажайда бұрын-соңды болмаған. 

Негізі 30 жылдан астам жұмыс істейді екен біздерде тәрбиеші болып. Бұрын- соңды оның артынан осындай шағым-арыз түспеген. Тәрбиешіні бүгін шақырып жаңа түсініктеме алдық. Толық мойындап тұр, - дейді бас дәрігер Серік Жаңылсынов.
Қазір "Шағала" облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезінің шипажайында жүзден астам бүлдіршін бар. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы