Ақтөбе облысының ет өнімдеріне шетелден сұраныс жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелге ет экспорттауды Ақтөбе облысы тұрақты жолға қойған. Биыл 4 мың тонна ірі қара және 200 тонна қой етін жөнелту жоспарланса, оның жартысына жуығы орындалған, деп хабарлады 24.kz.

Бұдан бөлек шұжық консервіленген дайын өнім күйінде де сатылған. Ресей, Әзербайжан және Иран елдері негізгі тұтынушылардың қатарында. Мәселен, соңғы аталған ислам республикасына жуырда облыстың Ырғыз ауданынан 900 қой жөнелтілген. Қазір осыншама ұсақ малды тағы да экспорттау үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Өңірдің ет өнімдеріне шетелдерден сұраныс жоғары боп тұр. Сондықтан алдағы уақытта тұтынушылардың қатары өсуі мүмкін дейді мамандар.

«Бүгінгі күні 2800 тонна жуық ет өнімдерін шығарған болсақ, оның 2200 тонна ірі қара еті, 100 тоннаға тарта қой еті экспортталды. Сонымен бірге, 200 тоннаға жуық шошқа еті РФ жөнелтілді»,- дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимұратов. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы