Ақтөбе облысында теріс резусты қан топтары жетіспейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қан орталығының мамандары теріс резусты қан топтарының сирек кездесетінін айтты. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Жалпы жиналған қан қорында теріс топтар 6% құрайды. Негізгі мөлшері 30% болу керек. Мамандар бұл топтағы донорлардың санын арттыру үшін мамыр айынан бастап аудандар мен мекемелерде акциялар өткізіп келе жатыр.

«Бізде теріс қан топтары өзінің шекті мөлшеріне жетпейді. Тұрақты келіп жүрген белсенді донорлардың арасында теріс резусты топтар аз кездеседі. Табылған жағдайда қан керек кезде салғырт қарап жататындар да бар. Мәселен, жақында Халықтық кеңсеге барып 38 адамнан қан алдық. Соның ішінен теріс топтағы үш адамды тауып тіркедік. Кейін орталыққа шақырған кезде келмей қалды. Донорлықты көбейту мақсатында екі айдан бері аудандармен тығыз жұмыс жасап жатырмыз», - дейді Ақтөбе облыстық қан орталығы директорының орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы