Ақтөбе облысында тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

19 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 619 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 590 құқық бұзушылық, оның ішінде 138 адам қамауға алынды, 182 айыппұл салынды, 236 ескерту жасалды, 25 материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 29 бұзушылық анықталды, оның ішінде 15 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды,2 материал сотқа жіберілді.

Мысалы, Хромтау қаласындағы азық-түлік дүкенінің 55 жасар сатушысына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы 6 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - делінген ақпаратта.

Басқа жағдайда патрульдік полиция наряды көшеде карантин кезінде себепсіз көшеде болған 40 жастағы ақтөбелік азаматты тоқтатқан. Әкімшілік сот құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың 31-і анықталды.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, - дейді тәртіп сақшылары.

  

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы