Ақтөбе облысында үш күнде Армениядан әкелінген 38 автокөлік тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш күн ішінде Ақтөбе облысында жаңа ережелерге сәйкес Армениядан әкелінген 38 автокөлік тіркелген.

Ақтөбе мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жалғасуда. 1 маусымнан бастап мұнда 60 астам армян автокөлігі тіркелген. Арнайы ХҚКО-да автокөлік құралдарын тіркеуден басқа полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, 3 жұмыс ішінде 200-ден астам ақтөбелік тіркеу ережелері бойынша кеңес алды.

Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу үшін арнайы ХҚКО жексенбі күні сағат 13: 00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ақтөбе мамандандырылған ХҚКО-да Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жалғасуда. 1 маусымнан бастап мұнда 66 армян автокөлігі тіркелген. Арнайы ХҚКО-да автокөлік құралдарын тіркеуден басқа полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша, 5 күн ішінде 200-ден астам ақтөбелік тіркеу ережелері бойынша кеңес алды. Алгоритмге сәйкес, автокөлікті тіркеу кезінде жеке куәлік, ҚР СК 615-бабына сәйкес АЕК-тің 0,25 пайызы мөлшерінде мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ Арменияда берілген КҚТК және МТНБ төлеу туралы құжат қажет. Егер автокөлік дұрыс болса, онда сертификатталған орталықтан қауіпсіздік сертификаты қажет, - делінген хабарламада.
Көлік құралдарын тіркеу үшін ұсынылатын, мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа өзге тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне ауыстырылады және аударманың дұрыстығы туралы нотариустың не осындай іс-әрекеттер жасауға құқығы бар басқа адамның қолы болуға тиіс.

ҚР-да 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген автомашиналарды, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларды тіркеуге жол берілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы