Ақтөбе облысында мас күйінде көлік жүргізгендер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының үш күні ішінде 36 ішімдік ішкен жүргізуші анықталды.Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында 26-28 тамыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Үш күн ішінде 2463 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 238 ұсақ бұзақылық, 36 мас күйінде көлік құралын басқару, 16 қарсы қозғалыс жолағына шығу, 303 жылдамдық режимінен асып кету фактілері анықталды»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР аумағында болу ережелерін бұзған 249 бұзушылық фактісі, оның ішінде 3 алыс шетел және 246 ТМД азаматтары анықталды. Сондай-ақ, 259 жасөспірім түнгі уақытта ересектерсіз болған.

29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында облыс полицейлері күшейтілген қызмет түріне көшеді. Осы күндері облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтілген полиция жасағы жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқу жылының басталуына байланысты линейкаларды өткізу орындарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Оқу орнының жанында полицейлер көлік жүргізушілерімен де, мектеп оқушыларымен де профилактикалық жұмыс жүргізетін болады. Оған дейін біз «Назар аударыңыз, балалар» жедел алдын-алу іс-шараларының бірінші кезеңін өткіздік, қазір екінші кезеңді өткіземіз, онда барлық оқу орындарында балалардың қатысуымен жол - көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірінші сынып оқушыларымен сабақ өткізіледі», - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қанат Әлиев.

Сонымен қатар, полиция нарядтарының тығыздығы артады. Полиция қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидатын сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. Көшедегі қылмысқа қарсы күрес, тәртіп орнату, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жандандыруға ерекше назар аударылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы