Ақтөбе облысында колледж студенттерінің арасында қылмыс көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста 63 колледж студенті қылмыстық жауапқа тартылған, деп хабарлады Aktobenews.kz.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жиілегеніне алаңдаған полиция департаментінің басшысы ата-аналар және мектеп басшыларымен кездесу өткізді.
Қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің 52 пайызы жағдайлары жақсы толық отбасында, 32 пайызы толық емес отбасында және 5,3 пайызы есепте тұрған қолайсыз отбасында тәрбиеленген. Қылмыс жасаған 52 жасөспірім бұрын соңды қылмыс жасамағандар. Бұл ойландырады, - дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардана Саймағанбетов.
Полиция мәліметінше, соңғы кезде тұрмысы жақсы, тәрбиелі отбасының балалары қылмыс жасап жүр.
Біз бұрын профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерді жіті бақылауға алдық. Қазіргі таңда жағдайы жақсы отбасы баларының жасайтын қылмыстар көбейіп кетті. Ол неге? Кейде біз "ананың әкесі, мынаның шешесі жақсы" деп қазақшылыққа салынатын болармыз. Оны жасырмай айту керек. Бізде мәлімет жетпейді. Балаларды бес саусағында білетін сынып жетекшісі мәліметті жеткізіп тұрса жақсы болар еді. Қазір біз қолымызды кеш сермеп жатырмыз. Бәріміз оқиға болғаннан кейін жүгіріп жүрміз, - деді Саймағанбетов.
Жыл басынан бері облыста 102 жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылған. Оның ішінде 28 оқушы, 63 колледж студенттері және ЖОО-ның 4 студенті бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы орталығында болды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы