Ақтөбе облысында есірткілік масаң күйде көлік жүргізудің 102 фактісі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жыл басынан бері масаң және есірткілік күйде көлік құралдарын басқарудың 106 фактісі тіркелді.

2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңнамадағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік немесе есірткілік мас күйдегі жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды.

Осы баптың санкциясы бойынша бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көзделген.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында ҚР ҚК 346-бабы бойынша (көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) – 97 факті, 346-бабы 2-бөлігі бойынша (абайсызда көлік құралын немесе өзге де мүліктің бүлінуіне, сондай-ақ адам денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан) - 9 факті тіркелді, - делінген Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хабарламасында.
Жүргізушілердің жауапкершілігі туралы заңнаманың қатаюына қарамастан, бұрын жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік құралын мас күйінде басқару фактілері орын алды.

Заңнама талаптарына сәйкес, қылмыстық кодекстің аталған баптарына соттардың үкімдері де қатаңдатылды. Егер бұрын аталған қылмыстарды жасаған жүргізушілерге қатысты негізінен 6 айдан 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған болса, қазіргі уақытта бірнеше айыпталушы өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы