Ақтөбе облысында «Еңбек» бағдарламасы қарқынды іске асуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Еңбек» бағдарламасы қарқынды іске асуда. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Жоспар бойынша биыл 36 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады. Бұл мақсатқа 8 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Қазірдің өзінде қысқа мерзімді кәсіптік білім алған 116 ақтөбелік тұрақты жұмыс тапқан. Бұл ретте көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін оқуға бағыттап, оларға мамандық беру басымдыққа ие. Ал шағын несие алып, іс бастағандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі басым. Барлығы да «Бизнес бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін үйренген. Бүгінде өз жобаларына сай шаруашылықпен айналысып келеді.
«Қазіргі кезде 478 адам өзінің бизнес жобаларын қорғады. 24 адам қаржыландырылды. Көбіне қазір алып жатқаны – бұл ауылдық жерлерде мал шаруашылығын дамыту үшін,бау-бақша өсіру үшін осы бағыттарда микрокердиттер алуда. Ал қалалық тұрғындарға келетін болсақ, ол шағын бизнес. Ол визажист, шаштараз ескілді бизнес ашуға микрокредиттер алуда», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.