Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек тапшылығын жабуға 500 млн теңге бөлінді – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысын дәрі-дәрмекпен қамтуға 500 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.


Ол атап өткендей, өңірлердегі дәрі-дәрмек тапшылығы Үкіметтің бақылауында.
Мысалы, Алматы әкімдігі фармацевтикалық компаниямен келісімге отырды. Олар 103 дәріханаға дәрі жеткізеді. Алматыда қазір 700 дәріхана болса, оның 103-не дәрі-дәрмек қажеттілікке қарай жеткізіледі. Келісім бойынша дәрі-дәрмек бағасын көтермей, бір адамға бір дәрінің 3 түрі ғана сатылады. Бұл жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласында да жүргізіліп жатыр, - деді ол. 

Тоғжанов Ақтөбе облысында тапшы дәрі-дәрмекті Ресейден жеткізу мәселесі шешілгенін айтты.
Алдағы аптада 10 позициядан тұратын дәрі-дәрмекті қамтитын препараттар жеткізу көзделген. Ол ауруханалардың 20 күндік тапшылығын жабады. Дәрі-дәрмек тапшылығын қамту үшін Ақтөбе әкімдігі 500 млн теңге бөлді. Ол 16 позиция бойынша қажетті дәрі-дәрмекті жеткізуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы