Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасыларға қайтарымсыз гранттар беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтарымсыз гранттың мөлшері 500 мың теңгеге дейін болады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында оларға қайтарымсыз гранттар беріледі. Бұл олардың кәсіп ашуына және өзінің жұмысын бастап кетуіне септігін тигізеді.

«Қайтарымсыз гранттар беру мақсатында облыстық бюджеттен қосымша 182,4 миллион теңге қаржы бөлінеді. Ауылдық жердегі көпбалалалы және аз қамтылған отбасыларға пайызы төмен микрокредиттер беріледі. Оларды алу үшін тұрғындар «Атамекен» ұлттық палатасы арқылы «Бизнес бастау» жобасы негізінде оқытылады. Сол арқылы олардың жеке бизнесін ашуына мол мүмкіндік туады», - дейді Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Облыс әкімінің тапсырмасымен қазіргі таңда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың толықтай әлеуметтік картасы жасалды.

«Әлеуметтік карта арқылы әр отбасының жағдайын зерделеп, анықтай алатын боламыз. Себебі, әлеуметтік картада тұрмыс жағдайы, отбасы мүшелері, олардың мамандығы, жұмысына дейін көрсетіледі. Ең бірінші көпбалалы, одан кейін аз қамтылған отбасылардан бастадық. Қазіргі таңда 128 мың облыс тұрғынына әлеуметтік карта жасалған», - дейді Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы