Ақтөбе облысында аз қамтылған отбасы балаларына 180 оқу гранты беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин медициналық университет студенттерімен кездесу кезінде білім гранттары туралы айтты. Бұл туралы aktobenews.kz сайтында хабарланды.

Биыл облыс әкімдігі 100 грант береді. Бұл көмектің бір бөлігі ғана.

«Бүгін грантқа қатысты комиссияның екінші отырысы өтті. Тегін оқуға түсемін деген балаларға 100 грантты облыс әкімдігінің атынан, тағы 180 грант Ұлттық қордан бөлінді. Бұл аз қамтылған, мұқтаж отбасы балаларына арналады», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, бүгін республика бойынша білім грантына түскен түлектердің тізімі шықты. Сол тезімде өзінің аты-жөнін таба алмаған талапкерлер облыс әкімдігі беретін грантқа өтініш бере алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы