Ақтөбе облысында "Автобус" жедел шарасы жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс полицейлері іс-шара басталғалы бері автобус жүргізушілері 137 тәртіп бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Жол жүру барысында ұялы телефон қолданғандар - 26, жол тәртібі ережелерін бұзғандар - 19, еңбек пен демалыс тәртібін бұзғандар - 6 және басқалар", - делінген таратылған ақпаратта.
"Автобус" жедел алдын алу шарасы кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары патрульді полиция қызметкерлерімен бірлесіп жолаушылар тасымалдайтын автобустардың өрт қауіпсіздігі шараларын тексеріп, жадынамалар таратты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зиянды «химия»: жылдам дайындалатын кеспенің қаупі анықталды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы