Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген 128 көлік тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында Армениядан әкелінген көліктер тіркеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарының атына ел аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.Көлік құралдарын тіркеу үшін көлік иелеріне жеке басын куәландыратын құжат, алым мен бажды төлеу туралы құжаттар, көлікті тіркеу туралы куәлікті және Армения Республикасының уәкілетті органында берілген мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін ұсынуы қажет. Сондай – ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариуспен расталуы тиіс, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Полиция департаментінде Call-орталығы жұмыс істейді, 525-100 телефоны бойынша қоңырау шалып, Көлік құралын тіркеу жайында кеңес алуға болады. Көліктерді тіркеу уақытынан бастап 300 – ден астам адам кеңес алып, Армения Республикасынан әкелінген 128 көлік құралы есепке алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы