Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпан күні Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ ауылының маңында автобус аударылып қалды. Автобуста 48 адам болған. 45 жолаушы мен 3 жүргізуші.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Автобус Шымкенттен Екатеринбург қаласына бара жатқан. Жол апаты шамамен сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған. Автобус жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған.
3 жүргізуші қазақстандық болса, қалған 45 жолаушы Тәжікстан азаматы. Жол апатынан ешкім зардеп шеккен жоқ. Патрульдік полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абайға арналған 27 келілік кітап жарық көрді
Өзгелердің жаңалығы