Ақтөбе облысында 265 мұғалім жетіспейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұғалімдердің көбі орыс тілінде білім беретін мектептерге қажет, деп хабарлады Aktobenews.kz.

«Көбіне орыс тіліндегі бастауыш класс мұғалімі жетіспейді. Бізде педагогикалық колледж бен жоғары оқу орындары осы мамандық бойынша кадр дайындайды, бірақ бұл саланы таңдайтындар аз. Қазір орыс кластарына математика, физика, химия, география, орыс тілі мен әдебиетіне облыс әкімінің де гранты тағайындалды. Бірақ талапкер жоқ, ниет білдіргендер аз. Проблеманы шешу үшін балаларды мектептен дайындаймыз. Мәселен, педагог боламын деген балаларды 7 кластан бастап тәрбиелейміз», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Айта кетейік, қазір орыс сыныптарына сабақ беріп жүрген зейнеткерлер сол күйі жұмысын жалғастырады.

«Көп маман магистратураға түсіп кетті. Сондықтан өзге өңірлерден мұғалім шақырып отырмыз. Түркістан, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген кадрлар қыркүйектен жұмысқа кіріседі», - деді ол.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы