Ақтөбе облысында 22 жүргізуші мас күйінде ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барсында ереже бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Облыс полицейлері 24-28 шілде аралығында көлік қозғалысының тәртібін күшейтуге арналған рейд жұмыстарын өткізді. Жүргізушілерді тас жолда абай болуға шақырған тәртіп сақшылары шараның алғашқы күнінде-ақ бірнеше заң бұзушылықты тіркеген.

«Жоспарланған іс-шараның бірінші күнгі нәтижесі бойынша 600-ден астам құқық бұзушылық анықталды. 22 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарған. Жылдамдықты шамадан тыс асырған 117 дерек, 6 оқиға қарсы бағытқа шығу, жаяу жүргіншіге жол бермеген 22 жүргізуші және жол ережесін бұзғаны үшін 82 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды және көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 48 жүргізуші анықталды», - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полицейлер «Самара-Шымкент» тас жолында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Аталмыш акция шеңберінде жадынамалар, авариялық-қауіпті учаскелердің, демалысқа арналған тұрақтар орналасқан жерлердің, сервистік қызмет көрсету орындарының карталарын таратылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы