Ақтөбе облысында 117 бала полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн ішінде Ақтөбе облысының Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған 117 бала жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазір облыс аумағында ҚР ІІМ нұсқауымен "Қауіпсіз мектеп" республикалық жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Ювеналды полиция инспекторлары саябақтар мен жастар көп шоғырланатын орындарда рейдке шықты.

Алғашқы екі күнінде ішкі істер бөлімдеріне 100-ден астам бала жеткізілді. Олардың бәрі үлкендердің, не заңды өкілдерінің қарауынсыз түн ішінде көше кезіп жүре берген. Түнгі 11 мен таңғы 6-ға дейін инспекторларға кәмелетке толмаған 117 бала кезіккен.
Бала тәрбиелеу ісінде ата-аналық міндетін дұрыс орындамағаны үшін 32 оқушы мен 11 отбасы ІІБ есебіне алынды. Рейдтің өзіндік мақсаты бар. Орган өкілдері кәмелетке толмаған балалар арасындағы тәртіп бұзу деректерінің азаюына ықпал етуді көздейді. Жыныстық қатынастың салдарынан болатын түрлі ауруларды түсіндіріп, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста өзін қалай ұстап, қалай қорғана білудің қарапайым қағидаларын үйретуге тырысады, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы