Ақтөбе облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ақтөбе облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл әртүрлі көлемдегі 8 мың пәтер деген сөз, деп хабарлайды 24.kz.

Оның екі жарым мыңы өткен жеті айдың ішінде пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі облыс орталығында жүргізіліп жатыр. Соңғы жылдары пайда болған бірқатар жаңа аудандарда көп қабатты үйлерден өзге, жол, балабақша және мектептер салынуда. Қажетті материалдың 90% жергілікті жерде өндіріледі. Сонымен қатар көпбалалы отбасыларды да баспанамен қамтуға көңіл бөлініп жатыр. 

"Биыл көп балалы аналар мен әлеуметтік жағынан халықтың осал топ өкілдеріне  тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 4,2 млрд қаржы бөлінді. Бұл 564 пәтерді құрайды. Оның ішінде көп балалы аналарға 263 пәтер және 70 пәтер сатып алу қарастырылған", - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қанат Меңдіғара.    .


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы