Ақтөбе облыстық бас санитар дәрігері үйде дайындалған тамақты сатып алмауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева үй жағдайында дайындалған жартылай фабрикаттар мен суши, нан өнімдерін салып алмауға кеңес берді. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.
«Ел ішінде үйде дайындалатын тамақтан улану фактісі тіркелді. Сондықтан ақтөбеліктерге алдын ала ескертіп, үйде дайындалған тамақты алмауға кеңес береміз. Сіз тамақты кімнің, қандай жағдайда дайындалғанын білмейсіз, медициналық кітапшасын көрген жоқсыз. Әлеуметтік желіге сеніп, жарнамаға алданудың қажеті жоқ», - деді Нұрсұлу Беркімбаева.
Қазіргі кезде қарбыз, қауындар да тексеріліп жатыр. Әзірге мамандар құрамынан нитраттарды анықтамаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында экологиялық акцияға 33 мыңға жуық адам шықты
Өзгелердің жаңалығы