Ақтөбе мен Балқашта метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбе мен Балқаш қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

2019 жылдың 14 желтоқсанында Ақтөбе мен Балқаш қалаларында атмосферадағы ауа ластанады, - делінген хабарламада.

Ал еліміздің өзге қалаларындағы ауа сапасы қалыпты жағдайда болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы