«Ақтөбе» клубы украиналық футболшыға 500 мың доллар жалақы ұсынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Футболдан Украина құрамасының экс-шабуылшысы Артем Милевский бір кездері Қазақстанның «Ақтөбе» клубымен жасасқан келісімшарты туралы айтты.
Футболшы Youtube-тегі «Красава» арнасына берген сұхбатында «Ақтөбе» командасы оған қанша жалақы ұсынғанын мәлімдеді.
2014 жылдың ақпан айында Милевский бір жылдық келісімшарт жасасқан. Бірақ бірнеше күннен кейін клубтан кетіп қалады. Ресми мәлімет бойынша, ойыншы медициналық тексерістен өте алмаған.
- «Ақтөбе» клубына ауысқанында миллион доллар айлық көлеміндегі келісімшарт ұсынған екен. Бұл қаншалықты рас?
- Жоқ, миллион емес.
- Сонда қанша?
- Екі есе аз.
- Қазақстанда жылына 500 мың доллар табыс табу да жаман көрсеткіш емес. Бірақ соған қарамастан «Мен бұл командада жаттықпаймын» деп кетіп қалыпсың. 500 мың доллар ұсынып отырған клубтың жаттығуына қалай қатыспауға болады?
- Ол кезде ешкімді көргім келмеді! Масқара жағдай. Сол кезде Ақтөбеде ауа-райы -23 болатын. Сұмдық енді!
Айта кетейік, «Ақтөбедегі» келісімшарты сәтсіз болған соң, Милевский 2014 жылы тамызға дейін командасыз жүрді. Сосын Хорватияның «Хайдук» клубына ауысты. Ал бүгінгі таңда Беларусь елінің «Динамо Брест» командасында ойнайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентке жаңа әкім тағайындалды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы