Ақтөбе – Атырау тасжолы құрылысы 2020 жылы аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімдігінде Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыруға қатысты актив жиыны өтті, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Облыс активінің алдында сөз сөйлеген өңір басшысы Оңдасын Оразалин алда атқарылатын нақты істерге тоқталды. Соның ішінде «Ақтөбе — Атырау» тасжолының құрылысы бар.

«Үкімет басшысы Асқар Мамин Ақтөбеге сапары кезінде 2020 жылдың соңына дейін Ақтөбе – Атырау тасжолының құрылысын аяқтауға тапсырма берді. Сонымен қатар 15 жыл бұрын салынып, бұзыла бастаған «Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолын қайта жөндеуге, «Орталық - Батыс» тасжолын салуға қаржы қарастырылатынын айтты. Әрі «Ақтөбе - Орск» тасжолының 8-16 шақырымы, Оңтүстік айналма жол мен қала жолдарының құрылысы да кезекте бар», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы