Ақтөбе қаласының мерейтойына бейнероликтер байқауы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айынан басталған байқау маусым айының он бесіне дейін жалғасады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.

Қаланың 150 жылдығына орай ұйымдастырылып жатырған байқауға әзірше жеті үміткер 20 бейнеролик ұсынған. Белгілі сатирик Нұрлыбек Жұбатқан бастаған әділқазылар тобы арнайы номинациялар бойынша үздік еңбектерді анықтайды. Сонымен қатар, жүлделі орындарға қаржылай сыйлықтар тігілген.

«Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен сүйікті қаламыздың мерейтойына бейнероликтер сайысын жариялап отырмыз. Осы кезеңге дейін әр түрлі жастағы, әр түрлі саладағы авторлар өздерінің еңбектерін ұсынып жатыр. Араларында бірден үш-төрт бейнероликтен тапсырып жатқандары бар. Бірінші орынға 70 мың, екінші орынға 50 мың теңге тігілді. Ал жүлделі үшінші орынды алған қатысушымызға 30 мың теңге беріледі. Бұл конкурсқа Ақтөбе облысының және қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады. Жұмыс жеке және ұжымдық түрде де қабылдана береді», - дейді Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы